Вакансия • Переводчик, Алматы
Alem Translation – аударма қызметтері мен құжаттарды легализациялау саласындағы жетекші компания. Біз нарықта 15 жылдан астам жұмыс істейміз, 6000-нан аса қанағаттанған клиентке қызмет көрсеттік және 10 000-нан астам жобаны сәтті жүзеге асырдық. Біз жеке және корпоративтік клиенттермен жұмыс істейміз, сұранысқа ие қызметтерді ұсынамыз.
Қызмет аясын кеңейтуге байланысты жоғары табысқа, кәсіби тәжірибеге және жылдам мансаптық өсуге ұмтылатын аудармашы іздейміз.
Міндеттері
- Клиенттермен алғашқы байланыстан бастап қызмет үшін төлем жасалғанға дейін толық жұмыс жүргізу
- Корпоративтік клиенттермен келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасау
- Компания қызметтері бойынша кеңес беру
- Коммерциялық ұсыныстарды дайындау
- CRM жүйесінде клиенттік базаны жүргізу және мәмілелердің орындалуын бақылау
Қойылатын талаптар:
• аударма саласында дипломның болуы (артықшылық ретінде)
• қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру
• жауапкершілік, ұқыптылық
• аудармаға қызығушылық
• тәжірибенің болуы (артықшылық ретінде)
Жұмыс шарттары:
- Тұрақты жалақы 200 мыңнан бастап
- График: 5/2, 09:00–18:00
- Жылдам мансаптық өсу – нәтижең болса, өсу де бар
- Мықты команда және үздіксіз даму – тренингтер, мастер-кластар, тимбилдингтер
Компанияның қосымша артықшылықтары:
✨ Премиялар мен бонустар жүйесі – жеке және командалық нәтижелер үшін
🏆 Ең үздік қызметкерге – шетелге екі адамға жолдама
📱 1 жыл адал еңбек үшін – iPhone сыйлыққа
🚗 3 жыл компаниямен бірге болсаң – автокөлік сыйлаймыз
🏡 6 жыл тұрақты жұмыс үшін – пәтер сыйға беріледі
Компания ұстанымдары:
Біз қызметкерлерді компанияның маңызды бөлігі ретінде қарастырамыз және олардың кәсіби дамуына, тұрақты табыс табуына әрі компания ішінде өсуіне жағдай жасаймыз. Нәтиже көрсеткен қызметкерлер үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен мансаптық мүмкіндік қарастырылған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Похожие вакансии:
Работа в России, Алматы - Свежие вакансии на Kit-Jobs.Ru
Работа в городах России - свежие вакансии (469921) на Kit-Jobs.Ru: Вакансия работодателя • Alem Translation Center - Переводчик, Алматы. Здесь Вы можете ознакомиться с вакансией работодателя бесплатно онлайн.
Наш портал является бесплатным онлайн сервисом поиска работы по базе вакансий от прямых работодателей, по размеру заработной платы и прочим параметрам в регионе Алматы. На портале также имеются такие разделы как: ежедневно обновляемая база свежих вакансий по всем городам России, юридические консультации, сервисы, форма для создания резюме онлайн в формате .DOC, новости рынка труда России и другие разделы.





